$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Қазақстандық оқушы Yale University жанындағы беделді бағдарламаға қабылданды

Абдрахманов Мағжан
23 желтоқсан 2025, 09:46
Қазақстандық оқушы Yale University жанындағы беделді бағдарламаға қабылданды Сурет авторы: Instagram/ spectrum_is

Spectrum International School оқушысы Нихал Одар АҚШ-тағы Yale University жанындағы беделді Yale Young Global Scholars (YYGS) бағдарламасына қабылданды. Бұл туралы оқу орны әлеуметтік желіде хабарлады.

Нихал YYGS – Global Challenges бағыты бойынша іріктеуден өткен. Бағдарлама аясында ол әлемнің 135 елінен жиналған дарынды мектеп оқушыларымен бірге жаһандық мәселелерді талқылап, Йель университетінің профессорлары мен зерттеушілерімен жұмыс істейді. Сонымен қатар қатысушылар университет деңгейіндегі дәрістерге қатысып, пікірталастар мен бірлескен жобаларға араласады.

Айта кетейік, Yale Young Global Scholars – өте жоғары бәсекелестікке ие академиялық бағдарлама. Нихал Одар бұл бағдарламаға 95 пайыздық грантпен қабылданған.

Мектеп өкілдерінің айтуынша, бұл жетістік оқушының жоғары академиялық дайындығы мен белсенді азаматтық ұстанымының нәтижесі.

Соңғы жаңалықтар