$ 482.53 € 555.44 ₽ 5.92

Қазақстандық оқушы Harvard University-ге оқуға түсті

Редакция
27 наурыз 2026, 19:08
Қазақстандық оқушы Harvard University-ге оқуға түсті

Елордалық Республикалық физика-математика мектебінің (РФММ) мақтанышы Бөрте Сайранбекқызы әлемдік білім беру сатысының шыңы — Гарвард университетінің (Harvard University) грантын иеленді. Бұл жетістік жай ғана сәттілік емес, темірдей тәртіп пен жүйелі еңбектің жемісі.

Бөрте 10-сыныптан кейін-ақ Advanced Placement (AP) бағдарламасы бойынша 7 күрделі емтиханды сәтті тапсырып, «AP International Diploma» иегері атанған. Ол тек жаратылыстану ғылымдарында ғана емес, тіл меңгеруде де феноменалды нәтиже көрсетті: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінен бөлек, қытай тілін де еркін меңгеріп, HSK емтиханын тапсырған. Оның SAT, IELTS және CAE көрсеткіштері әлемдік деңгейдегі ең жоғары ұпайлар қатарында.

Академиялық біліммен қатар, Бөрте ғылым жолында да айтарлықтай жетістікке жетті. Ол АҚШ университеті профессорының тікелей жетекшілігімен зерттеу жұмыстарын жүргізіп, халықаралық деңгейдегі ғылыми жобаларды қорғаған. Жаңа оқу жылында жерлесіміз Кембридждегі аңызға айналған оқу орнында білімін жалғастырмақ.

Соңғы жаңалықтар