$ 464.77 € 541.36 ₽ 5.41

Қазақстанда жекеменшік мектептерді мемлекеттік қаржыландыру мөлшері бекітілмек

Абдрахманов Мағжан
31 тамыз 2026, 16:59
Қазақстанда жекеменшік мектептерді мемлекеттік қаржыландыру мөлшері бекітілмек Сурет авторы: Астана әкімдігі

Қазақстанда жекеменшік мектептерге берілетін мемлекеттік қаржыландырудың тұрақты мөлшерін белгілеу ұсынылды. Тиісті құжатты Оқу-ағарту министрлігі «Ашық НҚА» порталында жариялады.

Жобаға сәйкес, өзгерістің негізгі мақсаты – ата-аналар үшін оқу ақысының тұрақтылығын қамтамасыз ету және айлық есептік көрсеткіш өзгерген сайын оның автоматты түрде қымбаттауына жол бермеу.

«Ұсынылып отырған тәсіл білімнің қолжетімділігін арттыруға, оқу құнының қалыптасуын ашық әрі болжамды етуге, есептік көрсеткіштердің жыл сайын өзгеруінің ықпалын азайтуға және мемлекеттік білім беру тапсырысын орындайтын жекеменшік ұйымдарда білім алуға неғұрлым тұрақты жағдай жасауға мүмкіндік береді», – делінген құжатта.

Жоба 15 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауда болады.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру және медицина салаларындағы жекеменшік кәсіпкерліктің мәні салалық ведомстволардың дұрыс емес шешімдерінің салдарынан бұрмаланғанын айтқан еді. Кейін Үкімет жекеменшік білім беру және медициналық ұйымдарды мемлекеттік қаржыландыру тетіктері өзгертілетінін хабарлады.

Соңғы жаңалықтар