$ 472.03 € 540.29 ₽ 6.11

Қазақстанда жаңа мүмкіндік: Корея университеттеріне түсу оңайырақ болады

Редакция
03 шілде 2026, 15:40
Қазақстанда жаңа мүмкіндік: Корея университеттеріне түсу оңайырақ болады Сурет авторы: ortcom.kz

Енді Қазақстанда корей тілінен халықаралық SKA емтиханын тапсыруға болады. Оңтүстік Кореяда білім алғысы келетін азаматтарға арналған алғашқы ресми сынақ орталығы өз жұмысын бастады.

Аталған орталық Қостанай өңірлік Ахмет Байтұрсынұлы атындағы университеті жанындағы Кинг Седжон институты негізінде іске қосылды. Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, Кинг Седжон институты қорының қатаң іріктеуінен өткен бұл орталық әлемдегі алғашқы бестіктің қатарына енді. Қазақстаннан бөлек, бұл мүмкіндік тек Индонезия, Қырғызстан, Вьетнам және Иран елдеріне ғана бұйырып отыр.

SKA емтиханы – шетелдік азаматтардың корей тілін меңгеру деңгейін анықтайтын беделді сынақ. Оның нәтижелерін Оңтүстік Кореяның бірқатар жетекші жоғары оқу орындары ресми түрде мойындайды. Биылғы сынақ екі кезеңнен тұрады:

 5 қыркүйек: Жазбаша бөлім (аудирование, оқу және жазу);

 6 және 12 қыркүйек: Ауызша сөйлеу сынағы.

Емтиханның ресми нәтижелері 2026 жылдың 4 қарашасында жарияланады деп жоспарланған. Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан дипломдарының Қытай, Жапония және Оңтүстік Корея елдерінде танылатыны туралы ақпарат жарияланған болатын.

Соңғы жаңалықтар