$ 540.78 € 618.65 ₽ 6.71

Қазақстанда сәуір айында жас ғалымдар саммиті өтеді

Редакция
31 наурыз 2024 05:24 3094
Қазақстанда сәуір айында жас ғалымдар саммиті өтеді

Ғылым министрлігі 12 сәуірде Астанадағы Еуразия ұлттық университетінде өтетін жас ғалымдар саммитіне шақырады.

Жас ғалымдар саммиті тәжірибе мен білім алмасуға, сондай-ақ әртүрлі сектор өкілдері арасында байланыс орнатуға арналған алаң.

Министрлік мәліметінше, саммитте пәнаралық ынтымақтастықтың өзекті тақырыптары, ғылым мен мемлекеттік және жеке сектор арасындағы өзара іс-қимыл перспективалары, сондай-ақ Қазақстандағы ғылыми зерттеулерді дамытудың негізгі міндеттері мен мүмкіндіктері талқыланады.

Бағдарламада тақырыптық талқылаулар мен лекциялар, шеберлік сабақтар сен пікірталастар өткізу жоспарланған. Іс-шараға аспиранттар, докторанттар, ғылыми орталықтар мен жоғары оқу орындарының қызметкерлері, мемлекеттік сектор, бизнес және компаниялардың өкілдері қатысады.

Саммитке 1-сәуірге дейін сілтеме арқылы тіркелуге болады: https://forms.gle/zK26mQ9fRZSeHENb7

Соңғы жаңалықтар