$ 457.21 € 534.62 ₽ 6.08

Қазақстанда болашақ дәрігерлердің оқу мерзімін 7 жылға ұзарту ұсынылды

Абдрахманов Мағжан
29 сәуір 2026, 17:44
Қазақстанда болашақ дәрігерлердің оқу мерзімін 7 жылға ұзарту ұсынылды Сурет авторы: minzdrav.gospmr.org

Қазақстанда болашақ медицина мамандарының оқу мерзімін 7 жылға дейін ұзарту ұсынылды. Бұл бастаманы Мәжіліс депутаттары көтерді.

Олардың айтуынша, қазіргі білім беру жүйесінде теориялық дайындық басым болғанымен, тәжірибелік дағдылар жеткіліксіз. Қазір студенттер 6 жыл оқып, одан кейін шамамен жарты жыл интернатурадан өтеді. Алайда бұл кезеңде олардың толыққанды мәртебесі болмайды.

Депутат Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, интерндердің медициналық жүйелерге қолжетімділігі шектеулі, сондай-ақ олар емдеу процесіне толық қатыса алмайды. Соның салдарынан жоғары оқу орнын бітірген түлектер бірден жұмыс істеуге дайын болмай шығады.

Қазіргі тәртіп бойынша, түлектер кейін 2–4 жылға созылатын резидентураға түсуі тиіс. Алайда гранттардың аздығынан көпшілігі оқу ақысын өздері төлеуге мәжбүр. Осыған байланысты депутаттар 6 жылдық теориялық оқуды сақтап, оған қоса ауруханаларда толыққанды тәжірибеден өтетін 7-ші жылды енгізуді ұсынып отыр.

Соңғы жаңалықтар