$ 461.39 € 534.75 ₽ 5.45

Қазақстанда 2,3 млн оқушы тексеріліп, 242 мыңынан ауру анықталды

Абдрахманов Мағжан
18 тамыз 2026, 12:16
Қазақстанда 2,3 млн оқушы тексеріліп, 242 мыңынан ауру анықталды Сурет авторы: ЖИ иллюстарциясы

Қазақстанда биылғы бірінші жартыжылдықта 2,3 млн бала профилактикалық тексеруден өтіп, оның 242 мыңынан түрлі ауру анықталды. Бұл тексерілген балалардың 11 пайызына тең, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

Балалардан анықталған аурулардың арасында кариес, анемия және миопия басым. Ауруы анықталған балалардың дәрігер бақылауына алынуға тиіс 86,7 мыңы, яғни 36 пайызы бақылауға қойылған. Министрлік қалған балаларды жыл соңына дейін профилактикалық тексеруден өткізуді жоспарлап отыр.

Денсаулық сақтау министрлігі келтірген Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері мен бағалауына сәйкес, балалар арасындағы аурушаңдық деңгейі 15-25 пайыз шамасында.

Биыл балаларды профилактикалық тексеру тәртібі де өзгертілген. Енді ауруды ерте анықтау үшін ЭКГ, фонендоскоп, пульсоксиметр, отоскоп және ауыз қуысын тексеруге арналған камера секілді цифрлық диагностикалық құрылғыларды пайдалану көзделген. Олардың жұмысында жасанды интеллект те қолданылады.

Сонымен қатар 2025 жылы басталған «Болашаққа сау тіспен» жол картасы аясында білім беру ұйымдарындағы стоматологиялық кабинеттер саны 145-тен 288-ге дейін көбейген. Балалар мен жүкті әйелдерге стоматологиялық көмек көрсетуге биыл 36 млрд теңге бөлінген.

Соңғы жаңалықтар