Қазақстан Тәрбие жөніндегі халықаралық ұйым құруды ұсынды
Сурет авторы: Qrnews
Астанада 9 қыркүйекте ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен “БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ” Халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының әлеуметтік ықпалы мен маңызына арналған дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелге ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, сенатор Бибігүл Жексенбай, Ұлыбритания және Сингапурдан келген халықаралық сарапшылар, «Білім–Инновация» ХҚҚ президенті Дархан Өте, SDU университетінің ректоры Әлімжан Игенбаев, басқа да қазақстандық білім ұйымдарының басшылары қатысты.
Күн тәртібінде құндылықтарға негізделген бағдарламалардың халықаралық тәжірибесін таныстыру, мектептегі тәрбиені бағалау-зерттеу әдістерін күшейту, ата-ана–мектеп–қоғам ынтымақтастығын кеңейту мәселелері талқыланды.
Ұлыбританиялық профессор Том Харрисон Қазақстанда құндылықтарға негізделген білім беру саласында жақсы тәжірибелерді көріп жүргенін айтты.
“Мінез-құлық тәрбиесінде біз үшін бастысы – оның айқын әрі нақты болуы: ол үлгі арқылы сіңуі (caught), арнайы оқытылуы (taught) және оқушының өзі іздеп табуы (sought) қажет. Мұның барлығы оқу бағдарламасында анық көрінуі тиіс. Қазақстандағы жаңа бағдарлама бұл бағытты нақтылап, құндылыққа негізделген білімнің әрқашан жақсы білімнің бір бөлігі болып келгенін, енді оның негізгі өзекке айналғанын көрсетіп отыр”, – деді профессор Qrnews тілшісіне.
Профессордың айтуынша, тәрбие бағдарламаларының ұзақмерзімді ықпалын өлшеу оңай шаруа емес.
“Мінез адамның бүкіл өмірі бойы қалыптасады. Оны математика немесе ағылшын тілі секілді тест арқылы өлшеу мүмкін емес. Дегенмен белгілі бір әдістер бар. Мәселен, оқушылардың бойында адалдық, сенім, жауапкершілік сияқты қасиеттердің мектептегі уақыт ішінде қалай дамып жатқанын бақылауға болады. Оны оқушылардың мінез-құлқынан, сабаққа қатысуынан, үлгерімінен, сондай-ақ бітірген соң жұмысқа орналасуынан байқауға болады. Өйткені жақсы мінез осының барлығымен тікелей байланысты”, – деп ой бөлісті ол.
Ал сингапурлық профессор Ляо Шао Цзюнь Сингапурдағы Character and Citizenship Education бағдарламасының нәтижесі туралы айтты. Оның сөзінше, бағдарлама балалардың сенімділігін арттырды, олар құндылықтарын өмірде іске асырып, әр ісінің мән-мағынасын түсіндіре алатын деңгейге жетті.
«Балалар “егер бір нәрсе істесем, ол мәнді болуы керек” деген ұстанымды көбірек айта бастады. Бұл – уақыт өте келе қалыптасқан маңызды өзгеріс», – деп жауап қатты ол Qrnews сауалына.
Сарапшы Қазақстан тәжірибесін де жоғары бағалады.
«Сіздер мінез-құлық тәрбиесінде ойлағанымнан да көп іс атқарған екенсіздер. Менің ойымша, Қазақстан мен біз әлемге бірге ұсына алатын тәжірибелер көп. Әсіресе біздің азиялық құндылықтарымыз, білім беру философиямыз тұрғысынан айтарымыз бар», – деп бөлісті ол.
SDU университетінің ректоры Әлімжан Игенбаев университет қабырғасында Jubilee Centre-мен әріптестікте құндылыққа негізделген тәрбие бойынша зерттеу орталығы ашылғанын хабарлады. Орталықтың мақсаты – Қазақстандағы құндылықтарға негізделген оқыту-тәрбие жүйесінің ғылыми тұрғыдан зерттелуіне платформа жасап, оны жоғарғы оқу орын деңгейінде әрі қарай дамыту жолдарын қарастыру.
Шара соңында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев халықаралық әріптестерге құндылықтарға негізделген Халықаралық тәрбие жөніндегі ұйым құруды ұсынды.
«Егер Сингапур, Ұлыбритания, бәріміз бірігіп, құндылықтарға негізделген Әлемдік тәрбие ұйымын құратын болсақ, меніңше, барлық мемлекет оған атсалысады. Қазақстан штаб-пәтер болуға дайын. Үйлестіруді Ұлттық білім академиясына жүктеуге не министрлік жанынан арнайы құрылым құруға болады», – деді министр.
Іс-шара қорытындысы бойынша Сингапур және Ұлыбританиямен бірлесіп Халықаралық тәрбие жөніндегі ұйым құру жұмысы басталатын болды.
Айта кетейік, биылғы 1 қыркүйектен бастап “Адал азамат”бағдарламасы елдегі барлық білім беру ұйымында, соның ішінде жекеменшік мектептерде де енгізіліп жатыр.
Соңғы жаңалықтар
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
1 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
1 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
2 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
2 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
2 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
2 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
2 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
2 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
2 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
2 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
2 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
2 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
2 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
3 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
4 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
4 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
4 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
4 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
5 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
5 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
5 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
5 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
5 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
5 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
5 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
5 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
5 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
5 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
5 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
5 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
5 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
5 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
5 күн бұрын
-
Бұрынғы министр Асхат Оралов «Әділет» партиясының басшылығына келді
5 күн бұрын
-
Доллар 300 теңге болуы мүмкін бе: экономист болжамын айтты
5 күн бұрын
-
Қазақстан корей компаниясымен бірге спутник шығаруды жоспарлап отыр
5 күн бұрын
-
Трамп Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келді деп мәлімдеді
5 күн бұрын
-
Қала күніне арналған рухани тарту: Алматылықтарды тегін кітап жәрмеңкесі күтеді
6 күн бұрын
-
2027 жылы Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша болады
6 күн бұрын
-
«Қытайдан озықпыз»: Трамп жасанды интеллект дамуын баяулатуға қарсы шықты
6 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары азаматтарды жеке қабылдай бастайды
6 күн бұрын
-
Атырау қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кетті
6 күн бұрын
-
Қазақстан мұнай өңдеу көлемін екі еседен астам арттырмақ
6 күн бұрын
-
The Finiko қаржы пирамидасының күдіктісі Түркиядан Қазақстанға жеткізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында сұраныс азайды
6 күн бұрын
-
Сұлулық өнімдерінің жасырын қаупі: L’Oreal қатерлі ісік тудыруы мүмкін
6 күн бұрын
-
Әлемдік мұнайдың 4 пайызына қауіп төнді: Brent 107 доллардан асты
6 күн бұрын
-
Катонқарағай әуежайының ашылу мерзімі өзгерді
6 күн бұрын
-
Таиландқа баратын қазақстандықтарға маңызды өзгеріс: жаңа тәртіп 15 қыркүйекте күшіне енеді
6 күн бұрын