$ 540.78 € 618.65 ₽ 6.71

Қазақстан оқушылары PISA-2025 халықаралық зерттеуіне қатысады

Редакция
26 наурыз 2025 07:41 2660
Қазақстан оқушылары PISA-2025 халықаралық зерттеуіне қатысады

2025 жылдың 1 сәуірі мен 23 мамыры аралығында елімізде PISA-2025 халықаралық зерттеуі өтеді. Оған 638 білім беру ұйымынан 15 жастағы оқушылар қатыспақ.

Сондай-ақ, 7-30 сәуір аралығында Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі (МОДО) жүргізіледі. Биылғы мониторингке 1901 білім беру ұйымы қатысып, еліміздің толық жинақты жалпы орта мектептері түгел қамтылады.

Айта кетейік, Қазақстан бұл тестілеуге соңғы рет 2022 жылы қатысқан. Оның нәтижесінде еліміз Global Innovation Index 2024 рейтингінде 81-орыннан 78-орынға көтерілді. Рейтинг бойынша Қазақстан бірнеше көрсеткіш бойынша әлемнің топ-30 елі қатарына енген:

- "Онлайн-үкімет" – 8-орын;
- "Шығу тегі бойынша пайдалы модельдер/ЖІӨ млрд доллар" – 10-орын;
- "Электрондық қатысу" – 15-орын;
- "Оқушылар мен мұғалімдердің арақатынасы, орта білім" – 16-орын;
- "Еңбек өнімділігінің өсуі" – 30-орын.

Соңғы жаңалықтар