$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Қазақстан оқушылары халықаралық экономика олимпиадасынан жүлделі оралды

Редакция
29 шілде 2025, 16:43
Қазақстан оқушылары халықаралық экономика олимпиадасынан жүлделі оралды Сурет авторы: Informburo.kz

Қазақстан оқушылары Халықаралық олимпиадада АҚШ, Жапония және Ұлыбританиядан келген қарсыластарын басып озды.

20-29 шілде аралығында Әзірбайжанның Баку қаласында экономика бойынша International Economics Olympiad (IEO) халықаралық олимпиадасы өтті – экономика, қаржы және кәсіпкерлікке қызығатын мектеп оқушыларына арналған беделді әлемдік зияткерлік бәсеке.

Биыл олимпиадаға 55 елден шамамен 280 қатысушы жиналды. Қазақстан құрамасы әлемнің ең мықты командаларының қатарына еніп, бизнес-кейс бойынша командалық кезеңде керемет нәтиже көрсетіп, АҚШ, Жапония және Ұлыбританиядан келген құрдастарынан озып түсті.

Автор: Бекарыс Сейдахмет 

Соңғы жаңалықтар