$ 540.78 € 618.65 ₽ 6.71

«Қазақстан халқына» қоры талапкерлерге 500 грант бөлді

Редакция
31 шілде 2025 11:55 275
«Қазақстан халқына» қоры талапкерлерге 500 грант бөлді Сурет авторы: Уральская неделя

2025–2026 жаңа оқу жылы қарсаңында «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры еліміздің жоғары оқу орындарына түсетін талапкерлерге 500 білім грантын бөлетінін жариялады.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, бұл гранттар ең алдымен әлеуметтік осал санаттағы жастарға бағытталады. 

Кімдер үміткер бола алады?:

1) ауылдық және шағын қалалардан шыққан түлектер
2) жетім балалар
3) 2022 жылғы қаңтар оқиғасында қаза тапқан ҚР азаматтарының балалары
4) кәмелетке толғанға дейін ата-ананысының қамқорынсыз қалған балалар және т.с.с

Қор өкілдерінің айтуынша, бастаманың басты мақсаты – білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету және әлеуметтік жағдайы төмен жастарға жоғары білім алуына жол ашу. 

Грантқа өтініш беру ережелері мен талаптары жақын күндері жариялануы күтіледі. Мамандардың айтуынша, бағдарлама жүздеген отбасыға үлкен қолдау көрсетіп, еліміздегі білім саласында әлеуметтік теңдікті арттыруға ықпал етпек.

Автор: Рахат Жора

Соңғы жаңалықтар