$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Қазақ тілінен емтихан тапсыра алмаған оқушыларға не болады?

Редакция
21 мамыр 2024 09:19 4523
Қазақ тілінен емтихан тапсыра алмаған оқушыларға не болады? Сурет авторы: istockphoto.com

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтып берді.

"Емтихан қазақ тілін оқыту сапасын арттыру үшін жасалып жатқанын бірден айтып өткім келеді. Қазақстан халқы Ассамблеясы бұл бағытта жұмысты күшейтуді сұраған болатын. Емтихан – бұл бағыттағы шаралардың ең бастысы емес, бірі ғана. Нәтижелер сынып ауыстыруға немесе басқа да теріс өзгерістерге әкелмеуі тиіс", – деді ол.

Министр "оқушы емтиханнан сүрінсе, келесі жылға қала ма?" деген сұраққа оқушы құқығы тапталмайды деп жауап берді.

"Бұл емтихан – қазақ тілін жетілдіруге бағытталған шара. Сондықтан мен бұл емтиханды жоғары деңгейде өткізуді тапсырдым. Бұл емтиханмен балаларымыздың құқығын таптауға жол бермеуіміз керек", – деп түйіндеді ол.

Қазақстанда 5-8, 10-сынып оқушылары алғаш рет «Қазақ тілі» пәнінен жаңа емтихан тапсырады. Емтихандар 27-31 мамыр аралығында өтеді. Әр мектеп емтихан күнін өзі белгілейді. Қазақ тілінен тестілеу екі форматта өтеді: жазбаша және ауызша.

Соңғы жаңалықтар