$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Қаржылық мониторинг агенттігі "Жайлы мектептерді" тексеріп жатыр

Редакция
03 қыркүйек 2024 04:40 4612
Қаржылық мониторинг агенттігі "Жайлы мектептерді" тексеріп жатыр Сурет авторы: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Қаржылық мониторинг агенттігі жайлы мектептер салу кезінде қажетсіз шығындардың алдын алу фактілері қазірдің өзінде бар екенін хабарлады. 

Бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету мақсатында агенттік «Самұрық-Қазына құрылыс» АҚ-мен кездесу өткізді. ҚМА 369 жайлы мектептің құрылысына 2,3 триллион теңге бөлінгенін еске салды.

Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасы Мәулен Айманбетов жобаның іске асырылу мәртебесі, оны цифрландыру кезеңдері және сапалы орындалуын қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша бірлесіп жұмыс жасау мен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Соңғы жаңалықтар