$ 540.78 € 618.65 ₽ 6.71

Қаржы сауаты мектептерде жеке пән ретінде оқытыла ма?

Редакция
16 тамыз 2024 03:58 1443
Қаржы сауаты мектептерде жеке пән ретінде оқытыла ма? Сурет авторы: shutterstock

Қаржы сауаты мектептерде жеке пән ретінде оқытылуы мүмкін деген мәлімет болған еді. Алайда Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жаңа оқу жылында мектеп бағдарламасына ешқандай жаңа пән енгізілмейтінін айтты.

"Қаржылық сауаттылықтың мақсат-міндеті бөлек. Ол – жаһандық құзыреттілік шеңберінде балалардың қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған қосымша білім. Ол бұған дейін де барлық пәндерге кіріктірілген болатын. Бірақ қоғамдағы белең алған жағдайларға байланысты, Amanat партиясының өтініші бойынша осы бағыттағы жұмысты одан әрі күшейтіп қолға алмақшымыз", – деп жауап берді министр ауыл педагогтерінің форумынан кейін журналистер сауалына. 

Соңғы жаңалықтар