$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Қарағанды мектептерінде жарамдылық мерзімі 5-7 жыл бұрын өтіп кеткен дәрілер сақталған

Редакция
31 наурыз 2024 05:24 2917
Қарағанды мектептерінде жарамдылық мерзімі 5-7 жыл бұрын өтіп кеткен дәрілер сақталған Сурет авторы: Pixabay

Жергілікті прокурорлық тексеру барысында, мектептерде оқушыға медициналық қызмет көрсетпеу және жарамдылық мерізімі өткен дәрілерді сақтағандары анықталған.

2022 жылдан бастап Қарағанды қаласының мектептерінде 3 мыңға жуық оқушыға медициналық қызмет көрсетілмеген.

Мектептердің бірінің медициналық кабинетінде аллергиялық және шок реакциясының ауыр түрлерінде шұғыл емдеудің бір бөлігі ретінде қолданылатын, жарамдылық мерзімі өткен, «Преднизолон» ампулалары сақталған.

Облыстың басқа мектептерінде жарамдылық мерзімі 5-7 жыл бұрын өтіп кеткен дәрілер табылған.

«Қадағалау шараларымен мерзімі өткен дәрі-дәрмектер жойылды, кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылып, 7000 баланың құқықтары қорғалды», - делінген прокуратура мәліметінде.

Соңғы жаңалықтар