$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Қаңтардағы ҰБТ-ға өтініш білдіргендер саны 187 мыңға жетті

Редакция
31 желтоқсан 2025, 14:27
Қаңтардағы ҰБТ-ға өтініш білдіргендер саны 187 мыңға жетті Сурет авторы: qmonitor.kz

 Қазақстанда 2026 жылғы қаңтар айындағы ҰБТ-ға өтініш қабылдау аяқталды. Тестілеуге шамамен 187 мың адам қатысуға ниет білдірді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 мыңға көп. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.

ҰБТ 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді. Тестілеу форматы өзгеріссіз қалады: үш міндетті және екі бейіндік пән бойынша барлығы 120 тапсырма беріледі. Ең жоғары нәтиже – 140 балл.

Соңғы жаңалықтар