$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

Harvard World Model United Nations алғаш рет Қазақстанда өтеді

Редакция
14 қазан 2025 17:38 70
Harvard World Model United Nations алғаш рет Қазақстанда өтеді

2026 жылы Астанадағы Spectrum International School мектебі әлемнің ең беделді білім жобаларының бірі – Harvard World Model United Nations (WorldMUN) конференциясын алғаш рет Қазақстанда өткізеді. Шара Harvard университетінің студенттері мен Learn with Leaders ұйымының серіктестігімен ұйымдастырылмақ.

💡 Harvard WorldMUN – әлемнің 110-нан астам елінен келген 2000-нан астам делегатты біріктіретін халықаралық білім алаңы. Конференцияда қатысушылар БҰҰ моделін ойнап, жаһандық мәселелерді шешу жолдарын талқылайды және шешендік, көшбасшылық пен дипломатиялық дағдыларын дамытады.

📅 Өтетін мерзімі: 2026 жылғы 9–11 қаңтар
📍 Өтетін орны: Spectrum International School, Астана
🎓 Қатысушылар: 6–12 сынып оқушылары
💰 Қатысу ақысы: 400 АҚШ доллары
📜 Құжат: Harvard WorldMUN-нан ресми қатысу сертификаты беріледі

Шара ұйымдастырушыларының айтуынша, бұл бастама Қазақстан оқушыларына әлемдік деңгейдегі академиялық тәжірибе мен халықаралық байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар