$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Ғылым жолындағы қолдау: Қазақстанда алғаш рет 500-ден астам жас ғалым баспанамен қамтылды

Редакция
31 желтоқсан 2025, 11:47
Ғылым жолындағы қолдау: Қазақстанда алғаш рет 500-ден астам жас ғалым баспанамен қамтылды Сурет авторы: Otau homsters.kz

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Астананың 10 жас ғалымына тұрғын үй сертификаттарын табыс етті. Бұл шара Президенттің ғылымды қолдау және жас зерттеушілерге жағдай жасау туралы тапсырмасын орындау аясында жүзеге асырылды, деп хабарлайды Курсив.

Саясат Нұрбек өткен жылдан бастап Қазақстанда ғылыми ұйымдардағы жалақы мөлшері артқанын, сондай-ақ тағылымдамаларға арналған гранттар, стипендиялар мен сыйлықақылар енгізілгенін атап өтті.

«Тұрғын үймен қамтамасыз ету тұрақты ғылыми ортаны қалыптастырудың маңызды құралы екенін ескере отырып, мемлекет әлеуметтік қолдау мәселелеріне ерекше көңіл бөліп отыр. Осы бағытта атқарылған жұмыстардың нәтижесінде алғаш рет 587 жас ғалым баспанамен қамтылды», — деп атап өтті министр.

Биыл алғаш рет арнайы комиссия Астана қаласы бойынша мемлекеттік пәтер иегері болатын жас ғалымдардың тізімін анықтады.

Соңғы жаңалықтар