$ 519.64 € 609.23 ₽ 6.62

Грантқа құжат қабылдау 13 шілдеде басталады: Қандай құжаттар қажет?

Абдрахманов Мағжан
27 маусым 2025 10:03 101
Грантқа құжат қабылдау 13 шілдеде басталады: Қандай құжаттар қажет? Сурет авторы: ЖИ иллюстарциясы

Ұлттық тестілеу орталығы биылғы білім гранты конкурсына құжаттар 13–20 шілде аралығында қабылданатынын еске салды. Құжаттарды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы офлайн немесе электронды үкімет порталы (eGov) арқылы онлайн түрде тапсыруға болады.

Грант байқауына қатысу үшін талапкерлер келесі құжаттарды әзірлеуі тиіс:

  • жеке куәлік;

  • ҰБТ сертификаты;

  • 3х4 көлеміндегі фотосурет;

  • орта білім туралы аттестат немесе колледж түлектері үшін диплом;

  • жеңілдік санатында конкурсқа қатысатындар үшін растайтын құжаттар;

  • B167 «Ұшу аппараттарын және қозғалтқыштарды ұшырып пайдалану» мамандығына түсетіндер үшін дәрігерлік ұшу-сараптамалық комиссиясының медициналық куәландыруы.

Соңғы жаңалықтар