$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Грант конкурсы: 10-нан аса талапкер жалған ҰБТ сертификатын ұсынған

Редакция
23 шілде 2024 03:35 1839
Грант конкурсы: 10-нан аса талапкер жалған ҰБТ сертификатын ұсынған Сурет авторы: testcenterkz

Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы хабарлады.

Ведомство ҰБТ сертификатын қолдан жасау мүмкін емес екенін ескертті.

Әрбір сертификатта оның түпнұсқалығын бірден тексеруге мүмкіндік беретін бірегей QR коды бар. Сондай-ақ ҰБТ сертификаты ресми құжат болып табылады және оны қолдан жасау ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.

Сертификаттарды қолдан жасамақ болғандардың ісі құқық қорғау органдарына жолданады.

ҰБТ сертификаты app.testcenter.kz сайтында жеке кабинетте, certificate.testcenter.kz сайтында және eGov электрондық үкімет порталында қолжетімді.

"Достар! Сіздерді заң бұзушылыққа бармауға шақырамыз. Жалған құжаттарды қолдан жасау ауыр салдарға, ал шынайы еңбегіңіз бен адалдығыңыз теңдесі жоқ табыс әкелетініне сенеміз!" – деп академиялық адалдыққа шақырды ведомство.

Соңғы жаңалықтар