$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Географиядан Еуропалық олимпиадада ел намысын алты қазақстандық оқушы қорғайды

Редакция
28 маусым 2024 02:47 4862
Географиядан Еуропалық олимпиадада ел намысын алты қазақстандық оқушы қорғайды Сурет авторы: Оқу-ағарту министрлігі

28 маусым – 4 шілде аралығында Сербияның Белград қаласында оқушылар арасындағы халықаралық ең ауқымды олимпиадалардың бірі - EGeO өтеді. 

Қазақстанның ұлттық құрамасына олимпиадалық резервтің алты мүшесі енді:

  1. Ақжол Болат — Талдықорған қаласындағы ФМБ НЗМ 11-сынып оқушысы;
  2. Арсен Сыдықов — Шымкент қаласындағы ХББ НЗМ 11-сынып оқушысы;
  3. Қанат Серікбай — Шымкент қаласындағы ХББ НЗМ 11-сынып оқушысы;
  4. Жомарт Сабыр — Жамбыл облысындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
  5. Андрей Енбахтов — Қостанай ФМБ НЗМ 9-сынып оқушысы;
  6. Амир Дарынов — Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы. 

Географиядан Еуропалық олимпиада EGeO 2015 жылдан бері өткізіліп келеді. Өткен жылы еліміздің жас географтары 6 медаль жеңіп алған болатын.

Соңғы жаңалықтар