$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Енді еліміздегі білім беру ұйымдарын кез келген уақытта ескертусіз тексереді

Редакция
25 сәуір 2024 02:16 2826
Енді еліміздегі білім беру ұйымдарын кез келген уақытта ескертусіз тексереді Сурет авторы: oqu.news

Бұл туралы Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сәуірде әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі заңға қол қойылды. Комитет осы заң шеңберінде жоспардан тыс тексерулер жүргізу тәртібі өзгертілетінін жазды. Енді еліміздің білім беру ұйымдарында жоспардан тыс тексерулерді субъектіні алдын ала хабардар етпей және тексеру тағайындау туралы актіні тіркеусіз жүргізуге болады. 

"Аталған норма балалардың құқықтары бұзылған жағдайда тексеруге дайындалу мүмкіндігін болдырмайды. Мұндай фактілерге мемлекеттік органдар тарапынан жедел реакция осы бұзушылықтарды анықтауға және болашақта осындай жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді" – делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар