$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Елімізде жыл сайын атом саласына 4 мыңға жуық грант бөлінеді

Редакция
28 тамыз 2024 06:12 2501
Елімізде жыл сайын атом саласына 4 мыңға жуық грант бөлінеді Сурет авторы: vlast.kz

Бұл туралы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Жанна Есінбаева мәлімдеді.

Оған атом энергетикасы мамандарын дайындау туралы сұрақ қойылды.

Оның айтуынша, кадрларды даярлау «Физика» және «Тау-кен ісі» білім беру бағдарламаларының шеңберінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік тапсырыс кадрларға қажеттілік негізінде қалыптасады, ол туралы мәліметті жыл сайын Еңбек министрлігі береді.

"Гумилев атындағы Ұлттық университет пен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бірлескен білім беру бағдарламаларын жүргізеді. Айта кету керек, ҚазҰУ базасында "МИФИ" Ұлттық ядролық университетінің филиалы ашылды", - деп жауап берді Жанна Есінбаева.

Ол Еңбек министрлігі мен Энергетика министрлігінен өтініш түссе, Ғылым министрлігі грант санын көбейтуге дайын екенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар