$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Елімізде 27 университет қара тізімде

Редакция
31 наурыз 2024 05:24 3712
Елімізде 27 университет қара тізімде Сурет авторы: ашық дереккөзден

Еліміздегі сапасы төмен университеттер жабылуы мүмкін. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.

Саясат Нұрбектің айтуынша, министрліктің жаңа реттеу саясатына көшуіне байланысты былтыр сапасы төмен университеттерді жабу ісі белсенді атқарылмаған. 

“Біздің бақылау тізімімізде немесе қауіп-қатер аймағында 27 ЖОО бар. Олардың көбі оңтүстік өңірден. Реттеу саясатына, білім сапасына қайшы келетін жағдайлар болса, оларды жабуға дайынбыз”, - деді министр. 

Сондай-ақ ол университет жабылған жағдайда онда білім алған студенттерге не болатынын айтып өтті.

“Университет жабылған жағдайда, студенттерді мемлекеттік немесе басқа университеттерге көшіреміз”, - деп мәлімдеді Саясат Нұрбек.

Соңғы жаңалықтар