$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

"Болашақпен" тағылымдамадан өтетін мамандықтардың тізімі жаңарды

Редакция
31 наурыз 2024 05:24 3463
"Болашақпен" тағылымдамадан өтетін мамандықтардың тізімі жаңарды

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен шетелде кадр даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиында 2024 жылға арналған "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша тағылымдамадан өтетін жұмысшылар санаттарының тізімін қайта қарау туралы шешім қабылданды.  

Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарлауынша, "Болашақ" стипендиясын дамытудың 2024-2026 жылдарға арналған стратегиясы шеңберінде кадрларды даярлау және қайта даярлау мемлекеттік органдардың өтінімдері бойынша жүргізіледі.

Тізім төмендегі санаттарды қамтыды: 

  • Инженерлік-техникалық қызметкерлер, агроөнеркәсіптік кешен саласының қызметкерлері;
  • Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері;
  • Медицина қызметкерлері;
  • Мемлекеттік қызметшілер;
  • Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері;
  • Мәдениет, туризм және спорт саласының қызметкерлері;
  • Соттар және сот қызметкерлері.

Тағылымдама ұзақтығы 1 айдан 12 айға дейін. Тағылымдамадан 40-тан астам елдің жетекші университеттерінде, ғылыми-зерттеу орталықтарында, салалық ұйымдарында өтуге болады.

 

Соңғы жаңалықтар