$ 458.87 € 535.09 ₽ 5.42

«Болашақ» стипендиясының иегерлері белгілі болды

Абдрахманов Мағжан
27 тамыз 2026, 10:05
«Болашақ» стипендиясының иегерлері белгілі болды Сурет авторы: gov.kz

«Болашақ» халықаралық стипендиясы мен «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасының жаңа иегерлері жарияланды. Республикалық комиссияның шешімімен 184 Қазақстан азаматына «Болашақ» стипендиясы берілді.

Олардың 137-сі магистратурада, 10-ы докторантурада білім алады, 37 маман кәсіби тағылымдамадан өтеді.

Бұдан бөлек, 51 қазақстандық ғалым әлемнің жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болды.

Бағдарлама аясында атом өнеркәсібі, медицина, инженерия, жасанды интеллект, жаңа материалдар, энергетика, биотехнология және басқа да жоғары технологиялық салаларға қажетті мамандар даярлауға басымдық беріліп отыр.

Бағдарламаның мақсаты – шетелде білім алған мамандардың жаңа білім мен халықаралық тәжірибені елге әкеліп, Қазақстанның технологиялық және экономикалық дамуына үлес қосуына жағдай жасау.

Тізімді мына сілтемеге өтіп көре аласыз.

Соңғы жаңалықтар