$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

Редакция
05 қыркүйек 2024 00:55 1021
«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен 150 қазақстандық «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері атанды.

120 адам – магистратура, 6 адам - докторантура бағдарламалары бойынша оқудан өтеді, ал 24 қазақстандық әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен өндірістік орталықтарына кәсіби тағылымдамадан өтуге жіберіледі.

Дайындықтың басым бағыттарына ерекше назар аударылды-стипендиялардың үштен екісінен астамы жаратылыстану-техникалық пәндер бойынша бөлінді. Жеңілдікті санаттар бойынша 22 адам шетелде білім алады.

Тізімді Telegram арнамыздан көре аласыздар.

Соңғы жаңалықтар