$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Биыл студенттерге арналған 27 жатақхана салынады

Редакция
07 маусым 2024 01:52 1909
Биыл студенттерге арналған 27 жатақхана салынады Сурет авторы: aqmeshit-aptalygy

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов мәлімдеді.

Биыл 10 576 орынға шақталған 27 жатақхананы қолданысқа беру жоспарланған. Олардың 19-ы жоғары оқу орындарына, 8-і колледждердің студенттеріне салынуы тиіс.

«Қазірде 1540 орынға арналған 7 жатақханада тиісті жұмыстар толығымен аяқталып, келер оқу жылына студенттерді қабылдауға әзір. Құрылыс немесе реконструкция жұмыстарын жүргізу бойынша облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларда жол карталары дайындалды. Жоспарланған нысандардың дені қыркүйекке дейін пайдалануға берілмек», — деді Талғат Ешенқұлов.

Үкімет жиын барысында әр нысандағы жұмыс қарқыны жекелей қарастырды. Ғылым және жоғары білім вице-министрі бүгінде құрылыс, реконструкция қарастырылған ғимараттардың басым көпшілігінде жұмыс 75% деңгейінен жоғары орындалғанын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар