Биыл қандай мамандықтарға грант көп бөлінеді?
Министрліктің inbusiness.kz-ке берген ресми жауабына сәйкес, маман даярлауға арналған мемлекеттік тапсырыс Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігі бірлесіп әзірлеген орта мерзімді болжам негізінде қалыптастырылады. Сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалар, әртүрлі салалардың даму үрдістері мен "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сұраныстары ескеріледі.
Ведомствоның болжамынша, 2030 жылға қарай Қазақстан экономикасына 883 295 маман қажет болады. Соның ішінде:
-
60% немесе 529 977 инженерлік кадрларға сұраныс бар;
-
21% немесе 185 491 адам педагогика саласына қажет;
-
Қалған 19% (167 826 адам) өзге салалардағы мамандарға сұранысты құрайды.
Алдағы оқу жылына гранттар мынадай бағыттар бойынша бөлінеді:
-
Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары – 20 878 грант
-
Педагогикалық ғылымдар – 17 898 грант
-
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – 12 087 грант
-
Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика – 9 188 грант
-
Ауыл шаруашылығы және биоресурстар – 3 145 грант
-
Қызмет көрсету саласы – 2 400 грант
-
Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат – 1 635 грант
-
Бизнес, басқару және құқық – 1 423 грант
-
Ветеринария – 1 275 грант
Былтырғы Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері кейбір мамандықта бәсекелестік жоғары болғанын көрсетті. Мәселен, стоматологияға бір орынға 35 адам, халықаралық қатынастарға 12 адам, аударма ісіне 10 адам, психологияға 9 адам таласты. Сонымен бірге құқықтану, сызу пәнін оқыту және шетел тілдерін оқыту бағыттарында да жоғары сұраныс байқалды (әрқайсысына 8 адам бір орынға таласты).
Еске салайық, білім гранттары ҰБТ нәтижесі бойынша конкурс негізінде тағайындалады. Үміткерлер Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы және екі бейіндік пән бойынша балл жинауы тиіс. Ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін кемінде 65 балл, басқа жоғары оқу орындары үшін кемінде 50 балл жинау қажет. Әр пәннен ең төменгі шекті балл — 5 балл.
Ұлттық білім беру деректер базасының мәліметінше, 2025 жылы 216,9 мың оқушы мектеп бітіреді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен 30 мыңға артық. 2024 жылы 11-сыныпты 186 мың түлек аяқтаған болатын, олардың ішінде 7 420 түлек «Алтын белгі» иегері атанды.
Айта кетейік, 2024–2025 оқу жылына жоғары білім алуға 78,2 мың грант бөлінген еді. Бұл биылғы бөлінген грант санынан көбірек.
Соңғы жаңалықтар
-
Қазақстанда автолизинг бағдарламасы жақында іске қосылады
23 минут бұрын
-
Украина елшісі Қазақстанның мұнай танкерлеріне жасалған шабуылдарға Киевтің қатысы барын жоққа шығарды
1 сағат бұрын
-
Қазақстанның автозауыттарында өндіріс сапасы мен қауіпсіздігін қадағалауға жасанды интеллект қосылды
1 сағат бұрын
-
Қазақстанда өрт қаупі күшейді: «Қазгидромет» еліміздің өңірлеріне ескерту жасады
1 сағат бұрын
-
Қазақстанда тағы үш автокөлік маркасы өндіріле бастайды
4 сағат бұрын
-
2027 жылдан бастап мемлекет инфляция айырмасын өтемейді: Зейнетақы жинағын қалай қорғаймыз?
5 сағат бұрын
-
Ұлттық банк төрағасының орынбасарына айыппұл салынды
6 сағат бұрын
-
Үкімет көлеңкелі экономиканың үлесін 2028 жылға қарай 13,8%-ға төмендетпек
6 сағат бұрын
-
Қара теңізде тағы бір мұнай танкеріне дрон шабуылдады
1 күн бұрын
-
Денсаулық сақтау саласындағы кадр тапшылығын жоюдың жаңа жүйесі әзірленді
1 күн бұрын
-
2026 жылдан бастап зейнетақы жинағын жеке компанияларға толық беруге болады: не білу керек?
1 күн бұрын
-
Грузиядан басқарылған 7,5 миллиард теңгелік онлайн-казиноның қызметі тоқтатылды
1 күн бұрын
-
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына жаңа басшы тағайындалды
1 күн бұрын
-
Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді
1 күн бұрын
-
Испания — 2026 жылғы әлем чемпионы
1 күн бұрын
-
Қазақстан Қара теңіздегі мұнай таситын кемелерге жасалған шабуылды айыптады
1 күн бұрын
-
Испания – Аргентина: әлем чемпионатының финалынан не күтеміз?
2 күн бұрын
-
Канье Уэст концертіне билет сату уақыты кейінге шегерілді
2 күн бұрын
-
Украина дрондары КҚК терминалына шабуыл жасап, қазақстандық мұнай тиелген танкерлерге соққы берді
2 күн бұрын
-
Үш күннен бір күнге дейін: Қазақстан ҰҚШҰ әскерін шұғыл кіргізу туралы хаттаманы бекітті
2 күн бұрын
-
Түркістан облысында нашақорлар мен психикалық ауытқуы бар адамдарға жүргізуші куәлігін берген
2 күн бұрын
-
Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты алғашқы сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды
2 күн бұрын
-
Украина дрондары Ресейдегі Wildberries қоймаларына соққы жасады (ВИДЕО)
2 күн бұрын
-
Франция мен Англия әлем чемпионатының қола жүлдесін сарапқа салады
2 күн бұрын
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Көбейтұз көлін қорғау бойынша шаралар қабылдауды тапсырды
3 күн бұрын
-
Қытайға жарысқа барған қазақстандық волейболшылар көшеде қалды
4 күн бұрын
-
Футболдан әлем кубогының жеңімпаздары алтын сақинамен марапатталады
4 күн бұрын
-
Америкалық танымал рэпер Канье Уэст Алматыда концерт береді
4 күн бұрын
-
Ұлытау облысының әкімі тағайындалды
4 күн бұрын
-
Қазақстанда қандай азық-түлік бағасы арзандағаны белгілі болды
4 күн бұрын
-
Бірыңғай QR жүйесі: қазақстандықтар үшін не өзгереді
4 күн бұрын
-
Алдағы демалыс күндері еліміздің өңірлерінде қандай ауа райы күтіледі?
4 күн бұрын
-
Түркістан облысында жол апатынан жеті адам көз жұмды
4 күн бұрын
-
Қазақстанда Құрылтайдағы әйелдердің рөлін күшейту мәселесі көтерілді
4 күн бұрын
-
Кімдер ақылы жолмен тегін жүре алады
4 күн бұрын
-
Қазақстанда денсаулық сақтау саласына қатысты шағымдар саны 44%-ға артты
4 күн бұрын
-
Болат Ақшолақов Атырау облысының әкімі болып тағайындалды
4 күн бұрын
-
Серік Шәпкенов Атырау облысының әкімі қызметінен босатылды
4 күн бұрын
-
Air Astana Дубайға рейстерді қайта тоқтатады
4 күн бұрын
-
Тоқаев Қытайға тауарларды интернет жылдамдығымен жеткізуді ұсынды
5 күн бұрын
-
Месси төрешілердің көмегі туралы қауесеттерге жауап берді
5 күн бұрын
-
Қазақстанға Қашаған бойынша 2,3 трлн теңге айыппұлды өндіріп алуға уақытша тыйым салынды
5 күн бұрын
-
Экономиканың жаңа тынысы: Түркістанда 5 миллиардтық зауыт іске қосылды
5 күн бұрын
-
Астанада тандырханада жарылыс болды: Зардап шеккендер бар
5 күн бұрын
-
Қазақстаннан 71 мың литрден астам жанармайды заңсыз шығармақ болған
5 күн бұрын
-
Босқа уақыт жоғалту емес, өмірді ұзарту: Кино мен театрға бару денсаулыққа қалай әсер етеді
5 күн бұрын
-
Астана мен Арқалық арасында жаңа пойыз бағыты іске қосылады: толық кесте және билет құны
5 күн бұрын
-
Дипломын жұрт алдында жыртқан түлек 5 тәулікке қамалды
5 күн бұрын
-
Тоқаев Си Цзиньпиннің шақыртуымен Қытайға барды
5 күн бұрын
-
69 баланың өмірі қиылды: Судағы демалыс қайғылы жағдайға ұласып жатыр
5 күн бұрын