$ 458.87 € 535.09 ₽ 5.42

Бір орынға бес адамнан: «Болашақ» стипендиясының иегерлері анықталды

Абдрахманов Мағжан
27 тамыз 2026, 08:55
Бір орынға бес адамнан: «Болашақ» стипендиясының иегерлері анықталды Сурет авторы: Kursiv.media

«Болашақ» халықаралық стипендиясын 232 қазақстандық иеленді. Бір орынға бес адамнан астам үміткер таласқан. Бұл туралы Президент әкімшілігінің басшысы Роман Склярдың төрағалығымен өткен Шетелде кадр даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысынан кейін белгілі болды.

Жаңа стипендия иегерлерінің 179-ы магистратурада, 12-сі докторантурада, біреуі бакалавриатта білім алады. Тағы 40 қазақстандық шетелдік ұйымдарда кәсіби тағылымдамадан өтеді.

«Болашақ» бағдарламасында инженерлік-техникалық ғылымдар, медицина, ақпараттық технологиялар, экология және білім беру салалары бойынша мамандар даярлауға басымдық беріледі.

Стипендия иегерлерінің және ғылыми тағылымдамадан өтуге арналған байқау жеңімпаздарының тізімі 27 тамызда сағат 10:00-ден кейін Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми ресурстарында жарияланады.

Соңғы жаңалықтар