$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

Білім саласының бірқатар басшылары жауапкершілікке тартылды

Дулат Абдраманов
05 қараша 2025 12:35 271
Білім саласының бірқатар басшылары жауапкершілікке тартылды Сурет авторы: gov.kz

Қазақстанда білім беру жүйесіне қатысты мемлекеттік аудит жүргізілгеннен кейін бірқатар лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Жоғары аудиторлық палата орта білімді дамытуға бөлінген бюджет қаражатының тиімділігіне аудит жасады. Нәтижесінде мұғалім даярлау, жұмысқа орналастыру, әдіснама, мемлекеттік реттеу бағыттарында кемшіліктер анықталған.

Соның салдарынан:

— Оқу-ағарту министрлігінің комитет төрағаларының орынбасарлары,
— Бірнеше ұлттық және аймақтық университеттердің ректорлары мен проректорлары,
— Кафедра меңгерушілері мен департамент басшылары,
— «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының бөлім жетекшілері

тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Жоғары аудиторлық палата — бұл мәселе бойынша басқа тапсырмалар мен ұсыныстардың орындалуын бақылауда ұстайтынын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар