$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

Білім саласындағы жемқорлық: 230 адам сотталды

Редакция
09 желтоқсан 2024 02:45 3366
Білім саласындағы жемқорлық: 230 адам сотталды Сурет авторы: shutterstock

6 желтоқсанда Президент Әкімшілігінің тапсырмасымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі білім мен ғылым саласындағы жемқорлық тәуекелдерін талқылау мақсатында ведомствоаралық кеңес өткізді.

Кеңеске Президент кеңесшісі К.Д. Закария, білім, ғылым және қаржы министрлері, мемлекеттік органдардың өкілдері, ЖОО ректорлары, мектеп директорлары мен бухгалтерлер секілді 10 мыңнан астам сала маманы қатысты.

Соңғы үш жылда білім мен ғылым саласына 12,3 трлн теңге бөлінген. Алайда бұл қаржының бәрі тиімді пайдаланылмаған. Жүргізілген сыртқы талдауда педагогтердің еңбекақысынан қаражат жымқыру, жалған төлемдер жасау және «өлі жандарға» төлем жүргізу сияқты заңбұзушылықтар анықталды.

2023 жылдан бері бұл салада 302 қылмыстық іс қозғалып, 17 млрд теңге көлемінде залал келген. 230 адам сотталды, 100-ден астам іс қаралып жатыр.

Соңғы жаңалықтар