$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

«Білім-инновация» лицейінің мұғалімі «Jas Keñes Siyligi – 2025» жүлдегері атанды

Дулат Абдраманов
16 тамыз 2025 11:12 12
«Білім-инновация» лицейінің мұғалімі «Jas Keñes Siyligi – 2025» жүлдегері атанды

Еліміздің әр саласында табысты еңбек етіп жүрген жас мамандарға «Jas Keñes Siyligi – 2025» сыйлығы табысталды. Биылғы марапат иелерінің қатарында Шымкент қаласындағы ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицейінің мұғалімі Дукат Кабылкаев бар. Ол «Білім және ғылым» номинациясы бойынша ел болашағына қосқан үлесі үшін үздік деп танылды.

«Jas Keñes Siyligi» — Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің бастамасымен 2024 жылы құрылған тәуелсіз жастар сыйлығы. Марапат еліміздің экономикасы мен қоғамдық өмірінің негізгі бағыттарында өзіндік қолтаңбасын қалдырып, кәсіби шеберлігімен танылған жас мамандарға беріледі.

Соңғы жаңалықтар