$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

«Білім-инновация» қоры мен Kent State University ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Абдрахманов Мағжан
08 қазан 2025, 10:36
«Білім-инновация» қоры мен Kent State University ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ мен Kent State University ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Аталмыш университет – АҚШ-тың Огайо штаты Kent қаласында орналасқан қоғамдық зерттеу университеті.

Меморандум аясында Kent State University «Білім-инновация» лицейлеріне 50 пайыздық жеңілдік және 5 номинация беру қарастырылған. Университет білім жүйесінің оннан астам елде кампусы бар. Оқу орны 300-ден астам бакалавр, магистр және докторлық бағдарлама ұсынады.

Мұғалімдерді даярлаудан басталып, университет көп салаларда: өнер, техникалық ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар, бизнес, коммуникация, білім беру саласында оқытады. Кездесу барысында:

• мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру;

• ғылыми-зерттеу жобалары;

• жасанды интеллект саласындағы бастамалар;

• тағылымдамалар және басқа да бағыттар қамтыған идеялар талқыланды.

Соңғы жаңалықтар