$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ – College Board-тың «Emerging Partner 2025» мәртебесіне ие болды

Редакция
04 қараша 2025 14:41 58
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ – College Board-тың «Emerging Partner 2025» мәртебесіне ие болды

«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» халықаралық қоғамдық қоры орта білім беру сапасын арттыру бағытындағы жұмыстары үшін әлемдегі беделді білім ұйымдарының бірі – College Board тарапынан 2025 жылға арналған Emerging Partner мәртебесін иеленді.

Марапат Үндістанның Мумбаи қаласында өткен College Board Forum 2025 халықаралық форумында Қордың оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі вице-президенті Қуат Қожахметовке табысталды.

«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ-на қарасты мектеп-лицейлер бірнеше жылдан бері College Board ұйымдастыратын Advanced Placement (AP) курстарын, сондай-ақ халықаралық SAT және PSAT емтихандарын оқушыларға ұсынып келеді. Бұл бағдарламалар түлектерге шетелдің жетекші жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндігін кеңейтеді.

2024–2025 оқу жылында аталған жобалар Қордың 20 мектеп-лицейінде жүзеге асырылып жатыр.

Қор үшін бұл жетістік – мектеп ұстаздарының, мектеп басшылығының және кәсіби бағдар бойынша жұмыс істейтін мамандардың бірлескен еңбегінің нәтижесі.

 
 

Соңғы жаңалықтар