$ 469.85 € 542.16 ₽ 5.78

Білім гранттарының иегерлері 7 тамызда белгілі болады

Наурызбек Лесов
06 тамыз 2026, 09:15
Білім гранттарының иегерлері 7 тамызда белгілі болады Сурет авторы: Gov.kz

Елімізде мемлекеттік білім гранттарының иегерлері 7 тамыз күні сағат 15:00-де белгілі болады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Министрдің айтуынша, биыл мемлекеттік гранттар конкурсына 127 мыңнан астам талапкер қатысып, тегін білім алу мүмкіндігі үшін бақ сынаған.

Ең көп сұранысқа ие мамандықтар қатарында педагогика, инженерлік және құрылыс бағыттары, сондай-ақ ақпараттық технологиялар бар. Ал ең жоғары бәсеке аударма ісі, халықаралық қатынастар, құқықтану, психология және педагогика мамандықтарына байқалады.

Грант конкурсының қорытындысы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурстарында және министр Саясат Нұрбектің әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланады.

Министрлік жоғары оқу орындарына құжат қабылдау 25 тамызға дейін жалғасатынын еске салды.

Соңғы жаңалықтар