$ 503.44 € 593.35 ₽ 6.55

"БИЛ" оқушысы қант диабетін 6 секундта алдын ала анықтайтын бағдарлама ойлап тапты

Редакция
15 желтоқсан 2025, 17:21
"БИЛ" оқушысы қант диабетін 6 секундта алдын ала анықтайтын бағдарлама ойлап тапты

Шымкенттегі “Білім-Инновация” лицейінің 10-сынып оқушысы Арсен Алмасхан қант диабетін бар-жоғы 6 секундта анықтайтын веб-бағдарлама ойлап тапты.

Бағдарлама жүйесіне адамның 8 медициналық параметрі енгізіледі. Жүйе осы деректерді талдап, қант диабетінің бар-жоғын санаулы секундтарда көрсетеді. Егер нәтиже “0” болса – бәрі қалыпты, ал “1” шықса – диабет қаупі бар деген сөз.

Арсенге бұл жобаны жасауға атасы мен қарындасы түрткі болған. Айтуынша, атасы дәрігерге сирек барады, ал қандай да бір белгі байқалса, ақпаратты Google-дан іздеуге тура келеді. Ал қарындасында неврологиялық симптомдар байқалып, нақты диагноз тек 3-4 айдан кейін қойылған.

Сол жағдайлар Арсенді адамдарға уақыт үнемдеуге және ауруды ерте анықтауға көмектесетін жүйе ойлап табуға жетелеген.

Соңғы жаңалықтар