$ 466.08 € 538.56 ₽ 5.65

Бастауыш сыныптарда білімді бағалау жүйесі өзгереді: Дәптер тексеру қайта енгізіледі

Редакция
11 тамыз 2026, 10:23
Бастауыш сыныптарда білімді бағалау жүйесі өзгереді: Дәптер тексеру қайта енгізіледі Сурет авторы: Жулдыз Сулейменова. Фото:gov.kz

Қазақстанда бастауыш сынып оқушыларының білімін бағалаудың жаңа тәртібі енгізілуде. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова бастауыш буында БЖБ мен ТЖБ сынақтарын алып тастаумен қатар, мұғалімдердің күнделікті дәптер тексеру практикасы қайта жанданатынын хабарлады.

Жаңа ережеге сәйкес, қазақ тілінен диктант, мазмұндама, шығарма, сондай-ақ математикадан бақылау жұмыстары қайтадан міндеттелмек. Баланы бағалауда оның дәптердегі жазбаша жұмыстары негізгі критерийлердің біріне айналады. Бұл бағалау талаптарын Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жанынан құрылған жаңа арнайы бөлім әзірлеуде.

Сонымен бірге, педагогтердің қағазбастылығын азайту мақсатында бастауыш сыныптардағы модерация жүйесі толығымен жойылады. Министрліктің бұйрық жобасы қазіргі уақытта «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылауда жатыр.

Соңғы жаңалықтар