$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Атырау "Білім-Инновация" лицейінің оқушысы әлемнің кез келген университетінде тегін оқуға мүмкіндік алды

Редакция
09 қараша 2024 01:35 4829
Атырау "Білім-Инновация" лицейінің оқушысы әлемнің кез келген университетінде тегін оқуға мүмкіндік алды Сурет авторы: atpress

Атырау "Білім-инновация" лицейінің 11-сынып оқушылары Хайдар Атагулла мен Қайырхан Лұқпанов әзірлеген "ақылды көзілдірік" жобасы Jasscience-2024 байқауында үздік шығып, 100 Rise Global Winners 2024 тізіміне енді. Осы жетістіктің арқасында оқушылардың бірі Хайдар Атагулла әлемнің кез келген университетінде тегін білім алу мүмкіндігіне ие болды.

RikaAI жасанды интеллектіне негізделген көзілдірік саусақты басу арқылы іске қосылады және пайдаланушыға құлаққап арқылы дауыстық нұсқаулар береді. Құрылғы ChatGPT немесе Wikipedia сияқты сұрақтарға жауап беріп, мәтінді оқиды, кедергілерді анықтап, көру қабілеті төмен адамдарға қауіпсіздік қамтамасыз етеді. Жас ғалымдар құрылғыны жетілдіруді жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар