$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

Ата-аналар дабыл қағуда: Tesla Education қаражатты қайтармай, телефонға жауап бермей қойған

Дулат Абдраманов
18 қараша 2025 15:48 899
Астанадағы Tesla Education оқу орталығы ата-аналарға қаражатты қайтармай отыр
Ата-аналар дабыл қағуда: Tesla Education қаражатты қайтармай, телефонға жауап бермей қойған

Астана қаласында орналасқан Tesla Education оқу орталығы ата-аналарға ақшаны қайтару мәселесін екі ай бойы шешпей келеді. Қыркүйек айында оқу ақысын кері қайтаруға өтініш берген бірнеше ата-ана осы күнге дейін өз қаражатын ала алмай отыр.

17 қараша күні орталық оқушыларға сабақтардың толық тоқтайтыны туралы хабарлама жіберген. Осыдан кейін наразылық танытқан ата-аналардың саны тағы артқан: олар балаларының білім алуына төленген қаражатты кері қайтаруды талап етіп жатыр.

Айтуларынша, әр отбасы кемі 500 мың теңге, ал кейбірі 1 миллион теңгеден астам қаржы төлеген.

Ата-аналардың ашуын тудырған тағы бір жайт — кейбір адамдарға орталық жабылатыны туралы хабарландырудан бір күн бұрын ғана келісімшарт жасатып, төлем қабылдаған жағдайлар тіркелген.

Мәселенің мән-жайын анықтау үшін біз Tesla Education өкілдеріне бірнеше рет хабарластық. Алайда оқу орталығы телефон қоңырауларымызға жауап бермеді.

Қазір ата-аналар құқықтық жолмен ақшаларын өндіріп алуға дайындалып жатыр.

Толығырақ видео материалдан көре аласыз

Соңғы жаңалықтар