$ 464.02 € 536.18 ₽ 5.54

Астанадағы BINOM мектептері мемлекетке өте бастады

Редакция
17 тамыз 2026, 15:36
Астанадағы BINOM мектептері мемлекетке өте бастады Сурет авторы: Binom school

Астанада мемлекеттік-жекеменшік әріптестікпен салынған алты BINOM мектебі кезең-кезеңімен қаланың коммуналық меншігіне беріледі. Бұл процесс 2026 жылы басталып, 2028 жылы толық аяқталады. Алайда, мыңдаған ата-ана үшін ғимараттардың кімге тиесілі екені емес, мектепке қабылдау тәртібі мен сыныптағы бала санының қалай өзгеретіні басты мәселеге айналып отыр.

Жоба аясында мемлекет жеке инвесторға 57,8 миллиард теңгенің 50 миллиардын төлеп қойған, қалған сомма 2028 жылға дейін бөліп беріледі. Алғашқы болып қала балансына Қаныш Сәтбаев атындағы мектеп өтіп, ол №120 мектеп-лицейі болып қайта құрылады. Ресми мекемелер заманауи зертханалар, бассейндер мен материалдық базаның толық сақталатынын, ал мұғалімдердің өз орнында қалып, білім берудің тегін сақталатынын растады.

Дегенмен ең басты күмән сыныптағы 25 оқушы лимитіне қатысты болып тұр. Мемлекет қарамағына өткен соң бұл мектептер жалпы мемлекеттік білім беру ережелеріне бағынады. Енді оқушыларды қабылдау мен ауыстыру арнайы заңнамалық ережелер мен микроучаскелердегі бос орындардың болуына қарай жүзеге асырылады.

Соңғы жаңалықтар