$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Астанада оқушылардың бір бөлігі қашықтан оқиды

Редакция
09 желтоқсан 2024, 01:38
Астанада оқушылардың бір бөлігі қашықтан оқиды Сурет авторы: gov.kz

Астанада бірінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары қашықтықтан оқыту форматына көшірілді, деп хабарлады қалалық білім басқармасы.

«Күн суытуына байланысты 9 желтоқсанда бірінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтықтан оқыту форматына көшеді», – делінген хабарламада.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 9 желтоқсанда Астанада ауа температурасы түнде -27°C, күндіз -20°C-қа дейін төмендеп, тұман түседі деп күтіледі.

Соңғы жаңалықтар