$ 509.94 € 593.88 ₽ 6.43

Астанада қазақ тілін тегін үйренгісі келетіндер үшін өтінім қабылдау басталды

Редакция
08 қаңтар 2026, 12:50
Астанада қазақ тілін тегін үйренгісі келетіндер үшін өтінім қабылдау басталды Сурет авторы: Informburo.kz

Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін қазақ тілін тегін меңгерудің тамаша мүмкіндігі туып отыр. Астана қаласы әкімдігінің «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тіл үйренуге ниетті азаматтарды арнайы курстарға шақырады.

Курсқа қатысу үшін өтінімдер ағымдағы жылдың 8 қаңтарынан бастап 23 қаңтарына дейін қабылданады.

Оқу процесі 2 ақпанда басталып, төрт айға созылады деп жоспарланған. Сабақтар қатысушылардың таңдауы бойынша офлайн немесе онлайн форматта, аптасына үш рет өткізіледі. Оқу бағдарламасын толық аяқтаған тыңдаушыларға ресми сертификат табысталады.


Тіркелу үшін Бейбітшілік көшесі, 9-үй, 209-кабинет мекенжайына бару қажет. Қосымша сұрақтар бойынша +7 (7172) 24-90-52 немесе +7 747 248 82 20 телефон нөмірлері арқылы толық ақпарат алуға болады.

Соңғы жаңалықтар