$ 473.59 € 544.68 ₽ 5.94

Әр балаға кемінде 50 мың теңге: Мектепке дайындыққа кімдер көмек алады?

Абдрахманов Мағжан
31 шілде 2026, 10:04
Әр балаға кемінде 50 мың теңге: Мектепке дайындыққа кімдер көмек алады? Сурет авторы: shutterstock

Қазақстанда 450 мыңға жуық балаға мектепке дайындалуға қаржылай көмек көрсетіледі. Қолдау 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Жалпыға міндетті білім беру» қоры аясында беріледі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

Қаражат мектеп формасын, аяқкиім мен оқу құралдарын сатып алуға арналған. Осы мақсатқа жергілікті бюджеттерден шамамен 23 миллиард теңге қарастырылған. Бір балаға берілетін көмектің ең төменгі мөлшері – 50 851 теңге. Кей өңірде жергілікті бюджеттің мүмкіндігіне қарай төлем көлемі бұдан жоғары болуы мүмкін.

Көмек жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға, аз қамтылған және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балаларына беріледі. Сондай-ақ қиын өмірлік жағдайға тап болған балалар да қолдау ала алады.

Төлемді рәсімдеу үшін ата-аналар немесе заңды өкілдер бала оқитын білім беру ұйымына өтініш беріп, қажетті құжаттарды тапсыруы керек.

Соңғы жаңалықтар