$ 486.19 € 554.26 ₽ 6.51

Алматылық 2 мыңға жуық түлектің ҰБТ тапсырудан бас тартуының басты себебі белгілі болды

Редакция
24 маусым 2026, 12:44
Алматылық 2 мыңға жуық түлектің ҰБТ тапсырудан бас тартуының басты себебі белгілі болды Сурет авторы: Егемен Қазақстан

Алматы қалалық білім басқармасы 2025–2026 оқу жылының қорытындысын жариялады. Мегаполис бойынша білім беру саласында оң динамика байқалады.

Басқарма басшысы Сәкен Аралбаевтың мәліметінше, қазіргі таңда қалада 360 мектеп жұмыс істейді (227 мемлекеттік, 133 жекеменшік), онда 357 мыңнан астам оқушы білім алуда. Биылғы оқу жылында мектеп бітірушілер саны 17 187 адамды құрады. Оның ішінде 790 оқушы «Алтын белгі» иегері атанса, 2 083 түлек үздік аттестат алды. Сондай-ақ, техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарын 27 813 студент бітіріп шықты.

Биыл 15 251 алматылық түлек Ұлттық біріңғай тестілеуге қатысты. Ал 1 990 оқушы емтиханнан бас тартты. Білім басқармасы бұл шешімнің негізгі себебі ретінде түлектердің шетелдік жоғары оқу орындарына түсуге ниетті екенін алға тартты.

Қала бойынша білім сапасы 68,7%-ға жетті (былтыр бұл көрсеткіш 65,8% болған). Сонымен қатар, Алматы құрамасы республикалық деңгейдегі жаратылыстану-математикалық пәндер олимпиадасында 24 жыл қатарынан көш бастап келеді.

Алматыда 1 097 балабақша қызмет етеді. Шілде айында іске қосылған ваучерлік қаржыландыру пилоттық жобасы өз нәтижесін беруде: 2 мен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту деңгейі 96,1%-ға дейін артты. Жоба аясында 115 мыңнан астам ваучер беріліп, 4 миллиард теңге көлемінде экономикалық тиімділікке қол жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар