$ 540.78 € 618.65 ₽ 6.71

Алматыда педагогика мамандығының студенттеріне жаңа жатақхана беріледі

Редакция
26 шілде 2024 04:27 2377
Алматыда педагогика мамандығының студенттеріне жаңа жатақхана беріледі Сурет авторы: aqmeshit-aptalygy.kz

Алматыда жаңа оқу жылында педагогика мамандығында оқитын 130 студентке арналған жатақхана ашылады. Онда ұлттық жоғары оқу орындарының студенттері тұратын болады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.

Заманауи, барлық жағдайы жасалған жатақхана бұрынғы ғимаратты қайта құру арқылы жасалды. Құрылыс-монтаждау және әрлеу жұмыстары аяқталды. Барлық қажетті жиһаздар мен жабдықтар сатып алынды.

Нысан тамыз айында пайдалануға беріледі. Студенттерді жатақханаға орналастыру тамыз айының ортасына жоспарланған.

Жатақхана орналасқан мекенжайы: Алматы ауд., Жұмалиев ш/а, 28. 

Бүгінде Алматыда жатақханалардың жетіспеушілігі ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Қазір қалада жеке инвестициялар есебінен 4 010 адамға арналған 7 жатақхананың құрылысы жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар