$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Алматы оқушысы жасаған экологиялық жоба республикалық байқауда үздік атанды

Редакция
18 желтоқсан 2025, 13:42
Алматы оқушысы жасаған экологиялық жоба республикалық байқауда үздік атанды

Алматы қаласындағы «SDL School» мектебінің 11-сынып оқушысы Бағашаров Бақытнұр республикалық «Үздік ғылыми жоба» байқауында І орын иеленді. Жас зерттеуші байқауда «Үздік ғылыми жоба авторы» төсбелгісімен және дипломмен марапатталды.

Оқушы «CleanAir EDU – мектеп сыныбындағы ауаны тазартуға арналған ақылды құрылғы» атты жобасын қорғады. Жоба оқу ортасындағы ауа сапасын жақсартуға бағытталған заманауи экологиялық бастама ретінде бағаланды. Құрылғы Arduino платформасы мен арнайы датчиктер негізінде жұмыс істейді. Жүйе сынып ішіндегі ауа құрамын автоматты түрде талдап, қажет болған жағдайда ауа тазарту механизмін іске қосады.

Жобаның ғылыми жетекшісі – география пәнінің мұғалімі, PhD Сатыбалдиева Айжан Сәкенқызы. Ол шәкіртінің ғылыми ізденісіне жетекшілік етіп, экологиялық мәдениет пен тұрақты даму қағидаттарын зерттеу бағыты бойынша қолдау көрсетті.

Соңғы жаңалықтар