$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Алматы облысында мұғалімдер жарты жылдан астам уақыт жалақы алмаған

Редакция
19 қараша 2024 03:11 1201
Алматы облысында мұғалімдер жарты жылдан астам уақыт жалақы алмаған Сурет авторы: ашық дереккөзден

Еңбекшіқазақ ауданындағы "Мейірімді періште" гимназиясының мұғалімдері алты ай бойы айлық алмаған, деп хабарлады облыстың прокуратурасы.

Мектеп банкротқа ұшырау алдында болғандықтан, 56 мұғалімге айлық төлей алмаған. Білім ошағының мұғалімдерге қарызы 40 миллионға жеткен.

Мәселе прокуратура араласқан соң шешілді. Борышкер жылжымайтын мүліктерін сатып, қарызын толығымен өтеді.

Соңғы жаңалықтар