$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Алматы мектептерінің бірінде оқушыларға ұйықтауға рұқсат берілді

Редакция
16 қыркүйек 2024 02:34 3574
Алматы мектептерінің бірінде оқушыларға ұйықтауға рұқсат берілді Сурет авторы: видеодан кадр

Алматыдағы №15 гимназияның бастауыш сынып оқушылары үзіліс кезінде ұйықтай алады. Бұл туралы inbusiness сайты хабарлады.

Ол үшін арнайы жатқызылатын парталар қойылған. Мектеп басшылығының айтуынша, бұғанасы бекімеген балаларға партада ұзақ уақыт тапжылмай отыру қиынға соғады. Сондай-ақ сабаққа алыстан келетін оқушылар да бар. Олар мектепке кешікпей келу үшін ерте тұруға мәжбүр. Ұстаздардың сөзінше, осындай балаларға ұйықтап алған тиімді.

"Оқушылар қоңырау кезінде 15-20 минут релакс минут өткізе алады. Яғни жатқызылған парталарда ұйықтай алады. Оның балалардың денсаулығына, сабақта өздерін ұстауына, оқу үрдісіне қалай әсер ететінін біз тәжірибеде бақылап көреміз", – деді №15 гимназияның мұғалімі Рауан Жанатханова.

Соңғы жаңалықтар