$ 469.93 € 541.64 ₽ 5.71

Әкімдіктер де грант бөлді: Қалай өтініш беруге болады?

Абдрахманов Мағжан
08 тамыз 2026, 11:52
Әкімдіктер де грант бөлді: Қалай өтініш беруге болады? Сурет авторы: Canva

Қазақстан өңірлерінің әкімдіктері биыл бакалавриат, магистратура және резидентура бағдарламалары бойынша 2392 білім грантын бөлді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.

Ең көп грант Астана қаласында бөлінген – 303. Шымкент әкімдігі 285, Шығыс Қазақстан облысы 270 грант ұсынды. Батыс Қазақстан облысында – 211, Абай және Түркістан облыстарында – 200-ден, Ақмола облысында – 199, Қарағанды облысында – 198, Атырау облысында – 187, Маңғыстау облысында 163 грант қарастырылған.

Қалған өңірлердің әрқайсысы шамамен 100 гранттан бөлген. Бұл гранттар өңірлерге қажет және басым мамандықтар бойынша кадр даярлауға арналған.

Әкімдік грантына қатысу үшін талапкер таңдаған жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына өтініш беруі керек. Оған білім туралы құжат, ҰБТ сертификаты, жеке куәліктің көшірмесі және жеңілдік болса, оны растайтын құжаттар қоса тапсырылады.

Грант иегерлерін әкімдік жанындағы арнайы комиссия анықтайды. Құжат қабылдау мерзімін жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары мен әкімдіктерден нақтылауға болады.

Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау 25 тамызға дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар